Мейірімділік пен құрмет акциясы

Мейірімділік пен құрмет акциясы

Қарттар күніне арналған айлықтың аясында Шортанды аудандық мәслихаты мен аумақтық сайлау комиссиясының ұжымы мейірімділік пен құрмет акциясын өткізді.
Ауданның дамуына елеулі үлес қосқан бұрынғы қызметкерлерді ерекше жылулық пен көңілмен құттықтады. Ризашылық пен құрмет белгісі ретінде оларға азық-түлік себеттері беріліп, көп жылдық еңбегі, адалдығы және белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғыс сөздер айтылды.
Мұндай іс — шаралар осы ұжымдарда жақсы дәстүрге айналды, өйткені аға буынға деген құрмет тек ризашылық білдіру ғана емес, сонымен қатар рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызды бөлігі болып табылады.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы