Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы

Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы

Бүгін ZOOM режимінде Г. Сәдуақасованың төрағалығымен Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс XLII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С. Шабаров, Қоғамдық кеңес мүшелері, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері, бөлімдер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отырысты өткізу үшін кворум қамтамасыз етілді.
Күн тәртібіне сәйкес «Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/2 «2025-2027 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» сұрағы қарастырылды.
Талқылаудан кейін депутаттар кенттердің, ауылдық округтердің 2025 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістерді бірауыздан қолдады.
Отырыс соңында аудандық мәслихаттың төрағасы депутаттар мен қатысушыларға белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, сессияны жабық деп жариялады.


Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы