Бүгін ZOOM режимінде Г. Сәдуақасованың төрағалығымен Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі С. Шабаров, Қоғамдық кеңес мүшелері, кейбір ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отырысты өткізу үшін кворум қамтамасыз етілді.
«Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрағы бойынша ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж.Мұнтаева баяндады.
Талқылаудан кейін депутаттар 2025 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістерді бірауыздан қолдады.
Отырыс соңында аудандық мәслихаттың төрағасы депутаттар мен қатысушыларға белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, сессияны жабық деп жариялады.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы