Ағымдағы жылдың 12 тамызында аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б. Беспалиновпен кездесуіне қатысты.
Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты А.Мұхамедьяев, аудандық мәслихаттың депутаты А. Қожамсейітов, «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Ә. Ордабаева қатысты.
Қатысушылар салынып жатқан нысан — жеке кәсіпкер И.Буньков тұрғызып жатқан Шортанды кентіндегі техникалық байқау станциясына барды. Айта кету керек, кәсіпкер өзінің бизнес – жобасын іске асыру үшін «Ауыл аманаты»бағдарламасы шеңберінде жылдық 2,5% жеңілдікті несие алды.
Құрылыс белсенді жүргізілуде, ал жұмыстарды аяқтау осы жылдың қыркүйек айында жоспарлануда.