Азаматтарды мобильді қабылдау

Азаматтарды мобильді қабылдау
Аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасова мен аудандық мәслихатының депутаттары А. Қожамсейітов, Е. Шахметов, П. Ткаченко Шортанды ауданының Жолымбет, Новоселовка және Бектау елді мекендерінде азаматтарды мобильді қабылдауды өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы әлеуметтік сала, жастардың бос уақыты, «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қаңғыбас жануарлар мәселелері, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері болды.
Азаматтардың барлық өтініштері тіркеліп, олардың қатарындағы сұрақтарға сол жерде түсініктемелер берілді.
Тұрғындардың түскен барлық ұсыныстары мен шағымдары мұқият қаралатын болады, ал оларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар кейіннен депутаттық сауалдарды уәкілетті органдарға жіберіле отырып, жұмыста ескерілетін болады.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы