Петровка ауылында азаматтарды мобильді қабылдау

Петровка ауылында азаматтарды мобильді қабылдау
Аудандық мәслихаттың төрағасы Г.Сәдуақасова, облыстық мәслихатының депутаты А. Мұхамедьяев және аудандық мәслихатының депутаттары Б. Анарбай, А. Қожамсейітов Шортанды ауданы Петровка ауылында азаматтарды мобильді қабылдауды өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы бір аудан мекемесінің қызметкерінің зейнетақы аударымдарының болмауына байланысты мәселелер болды. Сондай-ақ, тұрғындар Белое озеро мен Қара - Адыр елді мекеңдегі жолдарды жөндеу мәселесімен жүгінді. Аталған мәселелердің ішінде, Петровка ауылындағы Бейбітшілік және Мүсірепов көшелеріндегі жолдардың жай-күйіне (асфальттау) және көшелерді кентішілік жарықтандыруға ерекше назар аударылды. Жастардың бос уақыты мен жастар тәжірибесі мәселесі шетте қалмады.
Азаматтардың барлық өтініштері тіркеліп, олардың қатары бойынша жергілікті жерде түсініктемелер берілді.
Тұрғындардың келіп түскен барлық ұсыныстары мен шағымдары мұқият қаралып, оларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдар жұмыста ескерілетін болады.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы