2025 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Талғат Тұрлыбекұлы Жұнусов депутаты жұмыс сапарымен Шортанды ауданына келді.
Сапар барысында депутат Бозайғыр ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. 300 орынға есептелген нысанда қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Талғат Жұнусов 373 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектепке барды.
Кездесуге Шортанды аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасова және «Шортанды ауданы мәслихаты аппараты» ММ басшысы С. Акімжанова қатысты. Депутат педагогикалық ұжыммен пікірлесіп, оқу орнының қазіргі қызметімен танысты және ұжымды толғандыратын мәселелерді талқылады. Әсіресе мектептің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша сенатор әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелерді еліміздің жоғары өкілді органында шешуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Аудандық мәслихаттың баспасөз қызметі