Құрметті Полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекеңіз-Қазақстан Республикасының Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Сіздердің жанқиярлық қызметіңізді, жоғары батылдықты және қызметке деген адалдықты мойындаудың символы. Сіздер құқықтық тәртіпті сақтайсыз, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз, қоғамдағы тыныштық пен заңдылықты қорғайсыз. Сіздің өміріңізге қауіп төндіретін қажырлы еңбегіңіздің арқасында елде қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық қауіпсіздік сақталады.
Ішкі істер органдарының дамуына, жаңа ұрпақты тәрбиелеуге және қазақстандық полицияның үздік дәстүрлерін қалыптастыруға баға жетпес үлес қосқан қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтылды.
Сізге зор денсаулық, кәсіби табыс, отбасылық амандық, төзімділік тілеймін.
Құрметпен,
Шортанды аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова