Құттықтау

Құттықтау
Құрметті аудан тұрғындары!
 
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл ерекше мереке – еліміздің егемендігі мен бірлігінің нышаны болып табылатын Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметімізді білдіретін күн. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухын және болашаққа деген үмітін бейнелейтін асыл құндылықтар.
Олар Отанға деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті және патриоттық сезімді қалыптастырады. Әрбір қазақстандық үшін бұл рәміздер – ортақ мақтаныш пен ұлт бірлігінің белгісі.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әрқашан жүрегімізде мәңгі сақталсын!
 
 
Құрметпен,
аудандық мәслихаттың төрағасы
Г.Сәдуақасова