Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекі XXXVII сессиясы өтті

Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекі XXXVII сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихатының төрағасы Г. Сәдуақасованың төрағалығымен сегізінші шақырылған Шортанды аудандық мәслихатының кезекі XXXVII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің м.а. Ш. Ахметова, аудандық мәслихаттың депутаттары, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М. Тақамбаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің, ұйымдардың басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
1. 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
2. Кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы жылдық есепті бекіту туралы.
3. Шортанды аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есеп.
4. Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселе туралы.
 
 
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы