«AMANAT» партиясы филиалының мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы аясында аудандық мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова, облыстық мәслихатының депутаты А. Мұхамедьяев және аудандық мәслихаттың депутаты Ғ. Даитова Бозайғыр ауылына барды.
Сапарлдың мақсаты ауылдық аумақтардың тұрғындарымен өзара іс-қимылды нығайту, өзекті мәселелрді анықтау және бірлескен шешімдерді іздеу болды.
Бозайғыр ауылының тұрғындарымен кездесу барысында әлеуметтік инфрақұрылымға, абаттандыруға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Аталған мәселелердің ішінде жолдардың жай-күйіне және кентішілік көшелерді жарықтандыруға ерекше назар аударылды.
Депутаттар кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, көтерілген мәселелер бақылауға алынатынына сендірді.
Г. Сәдуақасова мобильді қабылдау бөлмесінің жұмысы азаматтардың сұраныстарына тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Өз кезегінде А.Мұхамедьяев мұндай кездесулердің билік пен халық арасындағы сындарлы диалог құру үшін маңыздылығын атап өтті.
Тұрғындардың келіп түскен барлық ұсыныстары мен шағымдары мұқият қаралып, оларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдар жұмыста ескерілетін болады.
Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы