Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

№ 7 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты Ғ. Даитова Бозайғыр және Төңкеріс елді мекендерінде азаматтарды қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындар азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуына, округтің елді мекендерінің күнделікті өмірі мен әл-ауқатына қатысты бірқатар өзекті мәселелермен жүгінді. Сайлаушыларды кентішілік жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру, Төңкеріс станциясының мектебін күрделі жөндеу және т. б. мәселелер толғандырды.
Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, өтініштер депутаттың жеке бақылауына алынды.

Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы