
ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылғы 15 қырқүйекте сағат 11.00-де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті LV сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «Шортанды аудандық мәслихат төрағасының аудандық мәслихаттың қызметі туралы есебі».
2. Шортанды ауданында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақты дамыту шаралары туралы» және тағыда басқа.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова