ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылғы 29 мамырында сағат 10.00 - де ZOOM режимінде аудандық мәслихатта сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс LI сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
- «Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/3 «Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/2 «Шортанды ауданының аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
- «Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және тағы басқалары.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова