№ 8С-52/2 шешім (2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы)

 2025 жылға арналған аудандық

бюджеттің атқарылуы туралы

жылдық есепті бекіту туралы

 

 

Шортанды ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Х. Ахметованың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебін тыңдап, талқылай келе, Шортанды аудандық мәслихаты ауданның атқарушы органдары 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізгенін атап өтті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары 2024 жылмен салыстырғанда экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді. Аудан бойынша өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі үй шаруашылықтарын есепке алғанда қолданыстағы бағамен 2025 жылы 175 372,8 млн. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне қарағанда 102,2%  құрады.

Мал шаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылға қарай 212,4 млн. теңгеге ұлғайып, 7 525,0 млн. теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 6 790,4 млн. теңгеге ұлғайып, 41 005,6 млн. теңгені құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 29 823,8 млн. теңгені құрады, НКИ – өткен жылдың тиісті кезеңіне 205,3% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8% -. құрады. Тұрғын үй құрылысына халықтың инвестициясы 9 545 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 78,1% - құрайды.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 1 091,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6% құрады.

2025 жылы аудандық бюджетті нақтылау 4 рет жүргізілді, жүргізілген нақтылаулар аясында Шортанды ауданы әкімдігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулылары қабылданды.

2025 жылы аудандық бюджетті түзету 11 рет жүргізілді.

Түзетілген жоспар кірістер бойынша 6 138 988,3 мың теңгені, шығыстар бойынша 6 172 155,1 мың теңгені құрады. Түсімдер жоспары тұтастай алғанда 100,9% орындалды, оның ішінде меншік кірістері 102,2% орындалды.

Трансферттердің түсімі 100% құрады.

2025 жылы аудандық бюджет шығындары 100% - ға орындалды, бірақ 1 434 468,3 мың теңге сомасына азайтылды. Жыл ішінде жүргізілген нақтылаулар мен түзетулердің нәтижелері бойынша шығындар көлемі жоғары тұрған бюджеттерден трансферттердің ұлғаюына және кіріс бөлігінің азаюына байланысты түзетілген жоспар 6 172 155,1 мың теңге болған кезде бастапқы бекітілген шығыстардан (5 722 454,0 мың теңге) 107,8% - ға немесе 449 701,1 мың теңгеге ұлғайтылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өнімін өндіру қарқынының  (2024 жылғы деңгейге 94,4%) төмендеуі тіркелді. Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісінің (2024 жылға қарай 85,3%) төмендеуі байқалады.

Жұмыспен қамту бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді (орындау – 71%).

Денсаулық сақтау саласында жалпы өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімнің, онкологиялық аурулардың өсуін қоса алғанда, бірқатар негізгі көрсеткіштердің нашарлауы байқалады.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту саласы шаралар қабылдауды талап етеді, онда жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген (жоспар - 96%, факт - 94,7%).

Бюджеттің өз кірістерінің үлесін ұлғайту және жоғары тұрған бюджеттердің трансферттеріне тәуелділікті азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру, дебиторлық берешекті бақылауды және бюджет қаражатының уақтылы игерілуін күшейту, даму бағдарламаларының барлық нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту, салықтық әкімшілендіруді арттыру, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 128-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ «Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» есебінің негізінде, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды ауданы әкімінің м.а. Ш.Х.Ахметованың «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі назарға алынсын.
  2. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шортанды ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп-қорытындысы назарға алынсын.
  3. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының есеп-қорытындысында көрсетілген ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 6 142 573,1 мың теңге, оның ішінде;

салықтық түсімдер - 2 511 343,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 23 716,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 029,6 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 3 592 483,7 мың теңге;

2) шығындар - 6 171 833,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – (-62 990,6) мың теңге,

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 51 116,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 114 106,6 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 83 907,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - (-83 907,5)  мың теңге.

  1. Ұсынылсын:
  2. 1) аудан әкімдігіне:

    - әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға ең жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттің әзірленуі мен атқарылуын қамтамасыз ету;

    - жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кiрiс бөлiкті толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту жөнiндегi жұмысты жүргiзу;

    - бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін қарау;

    2) Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ:

    - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және орындау нәтижелеріне назар аударсын, ағымдағы жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау және орындау барысында Тексеру комиссиясының ұсынымдарын ескерсін;

    3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуін бақылауды күшейтсін, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аударсын.

  3. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасова

 

 

Дата публикации
12 июня 2026