№ 8С-52/1 шешім (Күн тәртібі)

Шортанды аудандық

мәслихаттың сегізінші шақырылымның

кезекті елу екінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті елу екінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
  2. 2025 жылғы арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы: Ахметова Ш.Х. – Шортанды ауданы әкімінің м. а.

  1. 2025 жылғы арналған кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
  2. Баяндамашы: Ахметова Ш.Х. – Шортанды ауданы әкімінің м. а.

  3. Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-47/2 «2026-2028 жылдарға арналған кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Ақпарат беруші: ауданның «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Ж. Қ. Мұнтаева.

  1. Шортанды ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
  2. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Шортанды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-32/3 «2025-2029 жылдарға арналған Шортанды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
  5. Осы шешім оның қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. Сәдуақасов

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 июня 2026