Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімі А.Жандарбековтің қатысуымен VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 30 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы, бөлім басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп.
Бұл мәселе бойынша Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды баяндамасы тыңдалды.
2. 2024 жылға арналған Шиелі кенті және Ақмая, Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бәйтерек, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Телікөл, Тұран ауылдық округі бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептері;
3. Аудандық мәслихаттың экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
4. «Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімнің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы;
5. Шиелі кенті мен Жуантөбе ауылдық округіндегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, бөлім, кент және ауыл әкімдері тиісті жауаптар берді.