Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28 сессиясы өтті. Сессия жұмысына бөлім басшылары, кент және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 14 қарашадағы №7/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.