Бүгін VIII шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 26 сессия отырысы өткізілді. Сессия отырысына аудан әкімі А.Жандарбеков және аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары , мекеме, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев ашып, жүргізді.
Сессия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.«2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» ауандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы 24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ хабарлама жасады. Баяндама аяқталып болған соң депутаттар тарапынан баяндамашыға өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Екінші және үшінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Меңлібеков Ерлан Талғатбекұлы хабарлама жасады.
Келесі мәселе бойынша Шиелі ауданындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі Ермағанбетов Садық баяндама жасап, Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын таныстырды.
Сондай-ақ Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы Каримов Ғалымжан Болатұлының, Шиелі аудандық мәслихатының төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Төлегенов Ағыбай Рүстемұлының хабарламалары назарға алынып, мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тауып, шешім жобалары мақұлданды. Күн тәртібіне шығарылған 7 мәселенің барлығы жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.