АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 16 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 14 мамыр айында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбековтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 16 сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рақымшаұлы, бөлім басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты.Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1. 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
Бюджеттің атқарылуы жөнінде Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды баяндамасы тыңдалды.

2. 2023 жылға арналған Шиелі кенті және Ақмая, Алмалы, Бәйгекұм, Бестам, Бәйтерек, Еңбекші, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Тұран, Ақтоған, Жөлек, Қарғалы, Телікөл, Ортақшыл, Қоғалы, Майлытоғай, Жаңатұрмыс, Жиделіарық ауылдық округі бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебі.

3. Аудандық мәслихаттың экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

4. Шиелі кенті әкімінің есебі.( көркейту және көгалдандыру, жол, абаттандыру, ауыз су, аяқ су)
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін білдіріп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.