«Аудандық денсаулық сақтау саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Н.Әмір аудандық мәслихат депутаттарына есеп берді

«Аудандық денсаулық сақтау  саласының жайы және оны жақсарту  шаралары туралы» Шиелі ауданаралық  ауруханасының бас дәрігері  Н.Әмір аудандық мәслихат депутаттарына есеп берді

«Аудандық денсаулық сақтау

 саласының жайы және оны жақсарту

 шаралары туралы» Шиелі ауданаралық

ауруханасының бас дәрігері

 Н.Әмірдің хабарламасы

 

Құрметті  Тұрмағанбет Әлиасқарұлы, құрметті депутаттар!

Шиелі ауданаралық ауруханасы есепті кезеңдегі жұмысын

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360  «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ»  Кодексі,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    12.10.2021 жылғы № 725   ««Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау»  ұлттық жобасы,

2021 – 2025 жылдарға арналған «Даму» ұлттық жоспары нысанды индикаторларының      негізінде  ұйымдасты

рып отыр.

Аурухананың басты мақсаты – көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіре отырып, аудан тұрғындарының денсаулығын нығайту және сақтау  болып табылады.

Шиелі ауданы бойынша 1-Аудандық аурухана, 1- Аудандық емхана, 1-Ауылдық емхана,1-Жалпы тәжірибелік бөлім, 19 - Дәрігерлік амбулатория, 3- Фельдшерлік - акушерлік бекет, 13- Медициналық бекет қызмет көрсетеді.

Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша  барлығы 196 дәрігер, 882 - орта буынды медицина қызметкер жұмыс жасайды және олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. 10000 адамға    шаққанда дәрігермен  қамтылу 24,9.

Дәрігерлердің біліктілік санаттары – 100(51,0%),  оның ішінде жоғары санатта -28 (28,0%),  І - санатта – 46(46,0%), ІІ-ші санатта – 26 (26,0 %).

Орта буынды медицина  қызметкерлердің біліктілік санаты -456 (53,7%),   оның ішінде жоғары санатта- 339 (74,3%), І – санатта 82 (17,9%), ІІ-ші санатта- 36 (7,9%).

2022  жылдың   8 айында  Шиелі   ауданында   халық  саны - 78714(78811).

14 жасқа дейінгі бала саны –27 735, жасөспірім- 4216, ересектер – 46 763.

Табиғи   өсім  13,7

 

Өлім   - жітім     көрсеткіштері.

 

Аудан   бойынша  2021 жылдың  8 ай есепті  мерзімде  барлығы - 329 адам  қайтыс  болды, 1000  адамға   шаққандағы    көрсеткіш -4,17.

2022- жылдың  8 айында – 319 адам қайтыс  болды, 1000 адамға   шаққандағы    көрсеткіш  – 4,05.

 

 

 

2021 ж.

2022 ж.

 

Адам саны

%

Адам саны

%

Барлығы  қайтыс болған

329

4,1

319

4,0

үй жағдайында қайтыс болған

229

69,6

202

63,3

ауруханада қайтыс болған

65

19,7

62

19,4

басқа жерде қайтыс болған

35

10,6

55

17,2

 

                                 

                                                      

 

Ана мен бала денсаулығы

 

Аудан бойынша –  38831  әйел, оның ішінде туу жасындағы әйелдер 16477.

Аудан бойынша акушер-гинекологтар саны –10. Оның ішінде стационарда 2, амбулаториялық звенода 8  акушер –гинеколог көрсетеді.Барлық акушер-гинеколог дәрігерлер категория бойынша 4-40,0%, оның ішінде жоғары-1-25,0%,екінші 1-25,0%.

2022 жылдың  8 айында  аудан  барлық  босану  саны – 1385, 2021 жылдың  8 айында- 1634, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда – 268 босануға  төмендеген. Босанудың – 1083 аудандық  перзентханада, 302-сы облыстық перинатальды орталықта  босанды.

2022 жылдың   8 айында ана өлімі тіркелген жоқ.

Аудан бойынша   балалар саны -27735. 2022 жылы 8 айында туылған  бала саны-1402. Биылғы жылы туу көрсеткіші   17,7% құраса, былтырғы жылы   туылған бала- 1652, туу көрсеткіші   20,9%. Туу   көрсеткішінің    былтырғы  жылға қарағанда   3,2 %-ға төмендеген . 2022 жылдың 8 айындағы сәби өлімі –  15 жағдай- 10,6 промиль құраса , 2021 жылы  8 айында – 14 жағдай  8,4 промиль құраған .

 

                                              ФГ  жоспары мен орындалуы

 

2021 жылға 8 айлық ФГ жоспары – 23 120, қамтылғаны – 25 475  2021жылға 8 айлық жоспардың орындалуы – 110 %

2022 жылға 8 айлық ФГ жоспары – 24 302, қамтылғаны – 24 004,  2022 жылға 8 айлық жоспардың орындалуы – 98,7 %.

2022  жылғы  8- айда  туберкулезге  қарсы   жүргізілген  іс – шаралардың  қорытындысы.

Биыл 2022 жылы 8 айда жаңа жағдаймен -26 науқас тіркеліп, аурушаңдылық-  33, құрап, өткен жылға қарағанда аурушаңдылық көрсеткіші  жоғарлап отыр. Белсенді топта науқас саны- 78, сырқаттылық көрсеткіші-99,2 құрап, былтырғыға қарағанда сырқаттылық көрсеткіші  де  жоғарылап отыр.

Былтыр 2021 жылы  туберкулез науқасынан қайтыс болу -1 жағдайы тіркеліп өлім  көрсеткіші -1,2 құраған  болса , биыл  2022 жыл  8  айда туберкулез науқасынан қайтыс болу жағдайы  тіркелмеді.

Аудан бойынша  балалар арасында індеттік көрсеткіш :  2022жыл  8 айда жаңа жағдаймен  бала  тіркелмеді.

 

2021 жыл 8 айда жаңа жағдаймен тіркелген науқас саны-19, оның ішінде  өкпе туберкулезімен тіркелген науқас саны-13. Осы өкпе туберкулезінің ішінде деструкциямен  -1 науқас тіркеліп -  9,0 % құраған.

Биыл 2022  жыл 8 айда жаңа жағдаймен тіркелген науқас саны-26, оның ішінде  өкпе туберкулезімен тіркелген науқас саны- 24.  Осы өкпе туберкулезінің  ішінде  деструкциямен  науқас  тіркелген жоқ.

 

 

 

 

Онкологиялық кабинетінің  2021-2022  жылдың  8 айлық салыстырмалы көрсеткіштері.

 

р/с

 

2021 ж  6-айлык

2022ж  6-айлық

1

Аурушаңдық

72-91,4

64-81,3

2

5 жылдық өмір сүру

53,8

57,1

3

өлім көрсеткіш

31-39,3

25-31,8

                                        

Күндізгі   стационар   қызметі.

 

Аудан  бойынша  емхана жанындағы күндізгі стационардағы төсек саны:

                                                                                              2021 жыл  8 ай-153

                                                                                              2022  жыл  8 ай – 153

Емделіп     шыққандар  саны                                                3515-( 3100)      

                                                                                                                              

Барлық   өткізілген   төсек   күн     саны                           28154-(25305)                             

1 науқастың    орташа    емделу                                         8,0-(8,0)

Төсек  күні                                                                           58-(143)

                                                  

     Скрининг бойынша жоспары 26452 , орындалғаны – 23322/88  пайыз орындап отыр. Анықталғаны 1052/4,5 пайыз, «Д» есепке алынғаны  883/84 пайыз .

   

2022 жылдың 8 айында ауруханаға – 7013 науқас түскен (2021ж -6573) . Ауруханаға түскендер  2021 жылмен салыстырғанда  440 науқасқа  көбейіп  отыр, оның ішіндегі жоспарлысы   3374-48,1% (2021 жылы  3367-51,2 %)  жедел түрде жатқызу  3640 -51,9% (2021 жылы   3206-48,8 %).   Басқа стационарларға – 134 (2021ж-125  ) науқас жіберілген.          

              Аурухана жанындағы күндізгі стационардағы төсек саны - 35 /35

              Емделіп     шыққандар  саны                 850/781

              Барлық   өткізілген   төсек   күн     саны   6654/5940

               1 науқастың    орташа    емделу 7,8 - 7,6

 

 

 

2021 ж 8 ай

2022 ж 8 ай

Жасалған хирургиялық ота саны

674

711

Жоспарлы

147

199

Жедел

527

512

Оның ішінде лапароскопия:

281

255

Хирургиялық белсенділік

61,7%

64,7%

Отадан кейінгі асқыну

0

1-0,22%

 

 

 

 

СОVID-19 короновирус инфекциясымен емделіп шыққан науқастардың  есебі

 

Бөлімше

2021жыл 8 ай

2022 жыл 8 ай

Түскен науқас

Шыққан науқас

Басқа аурухана жіберілгені

Қайтыс болғаны

Түскен науқас

Шыққан науқас

Басқа аурухана жіберілгені

Қайтыс болғаны

КВИ-1

613

532

2

16

59

58

 

1

 

 

Биыл  СОVID-19 жұқпасын емдеуге арнап төсек саны – 40 бөлінген, оның ішінде балаларға арналған төсек-10, реанимациялық төсек 4 .  Қазіргі таңда жұқпаның азаюына   байланысты  ОДСБ бұйрығымен  төсектер жабылды.

 

 

Конго-Қырым  геморрагиялық  қызбасы  туралы

 

 

2021ж. 8 айда

2022ж. 8 айда

Конго-Қырым  геморрагиялық  қызбасы нақтыланған

 

1

 

3

Болжамды жағдай

2

4

КҚГҚ  өлім-жітім

0

1

Кене  шаққан

31

116

Кене  риккетсиозы

24

34

 

           Шиелі  ауданы  бойынша  КҚГҚ  бойынша  эпидемиологиялық  жағдай  тұрақты болмады. Кене  шағу  жағдайларымен  2022 жылдың   8  айында  116 адам тіркелген, оның ішінде 0-14 жас бала саны - 42  , былтырғы 2021 жылдың осы  уақытында  31 адам тіркеліп, оның 10-ы бала болған.

    Кене  риккетсиозымен  ағымдағы жылы - 34 адам тіркеліп, оның ішінде бала саны -5 ( 2021жылы  7 айда  - 24 адам, оның ішінде 0-14 жасқа дейінгі бала саны- 8 болған).

                Шиелі  ауданы  бойынша  2022 жылы  қаңтар-тамыз  айларында  Конго- Қырым   Геморрагиялық  Қызбасымен  4 жағдай тіркелді. Оның 3-уі  ПТР әдісімен нақтыланып, 1 жағдайы  (Ибрагимов Саян)  өліммен  аяқталды.

2021 жылдың 7 айында  ҚҚГҚ –мен  3 жағдайы  тіркелген болатын (1-нақтыланған, 2- болжамды), өлім жағдайы тіркелмеген)

 

 

 

 

                                     Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар

 

 

1.Науқастардың өз ауруы  туралы және денсаулығын сақтау тәсілдері туралы білімін, дәрігердің ұсыныстарын уа

қытылы орындауын, дәрілік препатарды уақытылы қабылдауын, диетаны бақылауын әрі қарай дамыту мақсатында  2018 жылы енгізілген ауруларды басқару бағдарламасын (АББ-ПУЗ) жалғастырып, бағдарламадағы аурулар тізбесін кеңейту,

2.Маман тапшылығы бойынша қажетті дәрігерлерді (неонатолог, педиатр, балалар хирургы, балалар анестезиолог-реаниматологы, дәрігер-иммунолог) қайта даярлап, оларды жаңа емдеу әдістері мен инновациялық технологияларды игеруге үздіксіз оқыту жүйесін қамтамасыз ету. Реанимация, Педиатрия, Әйелдер босанатын бөлімшелердегі орта буын қызметкерлерін заман талабына сәйкес дәрігермен бір бағытта жұмыс жасауға оқытып, баулу;

  1. Цифрландыру бойынша межелі индикаторларға қол жеткізу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды түрде көрсетілуін қамтамасыз ету;

 4.Онкологиялық қырағылықты күшейту (скрининг сапасын жақсарту, ерлер және әйелдер көру бөлмесінің жұмысын қатаң қадағалау), Көзбен көріп, қолмен сипап сезетін (визуальной  локализации) қатерлі  ісіктерді  дер  кезінде  анықтап, ерте сатысында емдеу жұмыстарын жүргізу, 65 жастан асқан тұрғындарды профилактикалық тексерумен қамту, мүмкіндігі шектелген егде жастағы тұрғындарды мамандандырылған дәрігерлер бригадасының кестесі бойынша жүргізу.

  1. Ауданымыздағы жаңа салынған ауруханда орналастырылған медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық бұйымдарды науқас сәбилердің және аналардың   жүктілік, босану және  босанудан кейінгі кезеңде, гинекологиялық аурулар кезінде әйелдерге медициналық көмекті сапалы көрсету. Профилактикалық байқау және әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау бойынша ісшараларды жүйелі жүргізіп отыру;                                                                                                                                      
  2.   Сәбилердің интенсивті емделу палаталарында инфекциялық бақылау шараларын қатаң түрде ұйымдастыру, қол жуу стандарттарын мүлтіксіз орындауға қатаң талап қою;  
  3. Арнайы бала даму кабинетіне балалардағы есту қабілетінің төмендігін ерте анықтау мақсатында аудиометрияға сұраныс берілді.

Мерзімінен ерте шала туылған балаларға, сондай-ақ ерте неонатальды кезеңде критикалық жағдайларды бастан өткерген  балаларды, туа біткен даму кемістігімен туылған, оперативтік ем қабылдаған балалардың өмір сүру сапасының  сақталуын динамикалық бақылау үшін жоғары білікті мамандандырылған консультациялық көмекке мультидисциплинарлық команда құрамын бекіте отырып  аудан деңгейінде катамнез кабинетін ашу;                                                                           

  1. Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуде практикалық дағдыларды дамыту үшін симуляциялық кабинеттерді ұйымдастыру, аурухана қызметкерлерін каскадты әдіспен оқыту жұмысын ұйымдастыру мақсатында жоғарғы деңгейде білімін жетілдіріп келген жергілікті жаттықтырушыны (тренер) дайындау;

9.Жүктілердің  пренатальды  скринингпен қамтылуын, соның ішінде туа бітті ақаулармен туылған, жүктілік кезінде диагноз қойылмаған себептерін анықтау және шешімдерін әзірлеуде жүйелі анализ жасап отыру. УДЗ эксперт классты аппаратын емхана деңгейінде алып, осыған сәйкес пренатальды скринингті меңгерген 2 УДЗ маманын дайындау.

10.Скрининг кезінде барлық мамандармен қамтамасыз етіліп, барлық құрал- жабдықтарды пайдаланып, ауруды ерте анықтау және диагностикалау.Диагнозын нақтылап тиісті мамандарға жіберу және емдеу.

11.2022 жылдың басынан бастап жылжымалы медициналық  көлік жұмыс жасалуда.Компьютерлік томограмма, аудиометрия және т.б құрал – саймандарға сұраныс берілді.

       

           Бас дәрігер                                                       Н.Әмір