Тамыз айының 19 жұлдызында аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаровтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбековтың қатысуымен VII шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 26 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, кент және ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы атынан сайланған Шиелі аудандық мәслихатының депутаты Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы, Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, «Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» №57/10 шешіміне өзгерістер енізу туралы мәселелер қаралды. Сессия күн тәртібіне шығарылған мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.