15 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімі А.Жандарбековтің қатысуымен VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы, бөлім басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп.
Бұл мәселе бойынша Шиелі аудандық экономика және қаржы бөлімі мен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды баяндамасы тыңдалды.
2. 2025 жылға арналған Шиелі кенті және Ақмая, Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бәйтерек, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Телікөл, Тұран ауылдық округі бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептері;
3. Аудандық мәслихаттың экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
4. «Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы;
5. «Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімнің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, бөлім, кент және ауыл әкімдері тиісті жауаптар берді.