ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 43 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 43 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

 VIII шақырылған Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 43-сессиясы болып өтті.  

Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары  А.Алдабергенов,  ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, цифрландыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда:

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыруға байланысты аудандағы атқарылып отырған жұмыстардың жайы туралы.
  2. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аудан  аумағын көгалдандыру, қоқыс шығару және экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары туралы.
  3. Аудан аумағындағы қоғамдық көліктің сапасы, автомобиль жолдары мен жол белгілерінің жайы, жол қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларын азайту шаралары туралы.
  4. «2026-2030 жылдарға арналған Шиелі ауданының даму жоспарын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №40/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Шиелі ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жекешелендіру туралы .
  6. Аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Шиелі ауданының жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» №22/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  7. Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы.
  8. Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары туралы» №1/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

🔹 Цифрландыру және IT саласы бойынша ауданда 33 елді мекеннің 28-і (81,8%) үй интернетімен, ал 30-ы (90,9%) мобильді интернетпен қамтылған. 2026 жылы Шиелі кенті, Алғабас және Бидайкөл елді мекендерінде 4500 абонентті талшықты-оптикалық байланыс желісіне көшіру жоспарлануда.

🔹 «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2026 жылы аудан аумағында 14 245 түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделіп отыр. Сонымен қатар, елді мекендерді санитарлық тазарту және ауыз су сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасады.

🔹 Көлік және инфрақұрылым бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2025 жылы 56,9 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. 2026 жылы жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 126 дана жол белгісін орнату және 130 шақырымнан астам жол таңбаларын сызу жоспарланған.

🔹 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізіліп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2026 жылы жалпы құны 924 млн теңгені құрайтын 55 жобаны іске асыру белгіленді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары белсенді пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.