Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті.
Сессияға аудан әкімі А.Жандарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, кент әкімі, тиісті бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сайлау жүйесіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов хабарлама жасап, «АМАNАТ» партиясынан сайланған депутат Сыздық Болат Мүбәрәкұлының жеке өтініші негізінде оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс білдірді.
Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Жұмаділ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» мәслихат шешіміне енгізілген өзгерістер туралы баяндады. Бұл бағытта бюджет қаржысын тиімді бөлу мәселелері талқыланды.
Мәслихат төрағасы М.Тұрабаев округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді ұсынып, сайлау заңнамасына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары белсенді пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.