АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 39 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 39 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Үстіміздегі жылғы 24 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 39 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаев төрағалық етті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергенов, кент және ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 24 мәселе қаралды.
Күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған Шиелі кенті және
ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы кент және ауылдық округ әкімдері баяндама жасады. Келесі кезекте сессия күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әзімхан Аруна Өркенқызы «Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округінің атауы жоқ көшеге атау беру туралы» хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі шығарылған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.