19 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 38 сессиясы өтті. Сессия жұмысына кент және ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде
1. Шиелі ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы.
2. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
3. 2026 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
4. «Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жайлы.
5. Шиелі аудандық мәслихаты төрағасының есебі туралы.
6. Шиелі аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – алдағы үш жылдық кезеңге арналған негізгі қаржылық құжатты бекіту болды. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына сәйкес, Шиелі ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Мәслихат төрағасы М.Тұрабаев өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларына тоқталып, 2025 жылғы көрсеткіштерді баяндады. Жыл бойы 13 сессия (4 кезекті, 9 кезектен тыс) өткізіліп, 183 мәселе қаралды. Барлық отырыстар Facebook желісінде тікелей эфирде көрсетілді. 4 нормативтік-құқықтық акт Әділет министрлігінде тіркелсе, 101 акт Республикалық құқықтық ақпарат орталығына енгізілді. Жыл соңына қарай нақтыланған бюджет 15 млрд 629,8 млн теңгені құрады. Ауданның өз кірісі жоспарланған 6,5 млрд теңгенің орнына 7,1 млрд теңгеге жетіп, 109%-ға орындалды.
Сессия соңында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы кезеңге басымдықтар белгіленді.
Күн тәртібіндегі шығарылған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.