АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 37 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 37 СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2 желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Тұрабаевтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергеновтың қатысуымен VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясы өтті. Сессия жұмысына кент және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде «Шиелі кенті және ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу және Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы №4/2 «Шиелі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі шығарылған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, бөлім, кент және ауыл әкімдері тарапынан тиісті жауаптар берілді.