Аудандық мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жандарбеков, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппараты, аудандық бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
- «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №24/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы №7/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- «Шиелі ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- Шиелі ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы.
- Шиелі ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер сессияға дейін өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленген болатын. Сессия барысында депутаттар бұл ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қажетті шешімдер қабылданды.