Меню
Страницы

Шиелі ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс

Шиелі ауданындағы округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының «№2 округтік сайлау комиссиясы мүшесін орнынан босату туралы» 2026 жылғы  10 шілдедегі  №АСК-26/117 қаулысымен  №2 округтік  сайлау комиссиясының мүшесі Әлтаев Ғалымжан Халықбекұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конститутциялық заңының 19-бабының 6-тармағының екінші бөлігінің 6) тармақшасында белгіленген  тәртіппен және  «№267 және №397 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін орнынан босату туралы» 2026 жылғы 13 шілдедегі №АСК-26/121 қаулысымен №267 учаскелік сайлау  комиссиясының мүшесі Оразбеков Үсен Нұрғазыұлы және №397 учаскелік сайлау  комиссиясының мүшесі Сарсембаев Ашим Агыбаевич өз өтініштеріне сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі міндетінен босатылған.

Шиелі аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес мүшесі шығарылған №2 округтік және №267,№397 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын толықтыру үшін сайлау өткізуге конкурс жариялайды.

Конкурс мерзімі 2026 жылдың 28 қыркүйектен 2026 жылдың 16 қазан. Конкурсқа мүшесі шығарылған округтік және учаскелік сайлау комиссияларында өкілдері жоқ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және округтік және учаскелік сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау уақыты және мекен жайы:

120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 Б. Аудандық мәслихат.

 Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау  дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.

 Жауапты маман–Базарбаева Майгүл Мәлкәждарқызы, ауданаралық телефон коды (8-724-32-4-25-42), қызметтік телефон   ұялы телефоны: 8-702-5408512, электрондық пошта мекенжайы:  shieli_maslihat@mail.kz

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері