
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек күні аудандық мәслихат мәжіліс залына сағат 17:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 «Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
2. Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
3. Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 51 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев