
Аудандық сайлау комиссиясының «№397 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясын құру, оның сандық құрамын белгілеу және аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы №АСК-01/47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 11 маусымдағы №АСК-26/105 қаулысымен Алмалы ауылдық округі, 21 бекетінің аумағында жаңадан құрылған №397 учаскелік сайлау комиссиясының комиссия мүшелерін қалыптастыру үшін 5 орынға, Шиелі аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес конкурс жариялайды.
Конкурс мерзімі 2026 жылдың 11 маусымынан 2026 жылдың 25 маусымы.
Конкурсқа учаскелік сайлау комиссиясына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, округтік және учаскелік сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау уақыты және мекен жайы:
120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 Б. Аудандық мәслихат.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Жауапты маман–Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы, ауданаралық телефон коды (8-724-32-4-25-42), қызметтік телефон ұялы телефоны: 8-702-3277964, электрондық пошта мекенжайы: shieli_maslihat@mail.kz