«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясы 2026 жылдың 18 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
«2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №38/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезектен тыс 41 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев