Шардара ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Шардара ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға конкурс өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 9 бабына сәйкес, Шардара аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шардара ауданының Қоғамдық кеңесінің 10 мүшесін сайлау жөнінде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс өткізетіндігі жайлы хабарлайды. Қоғамдық кеңестің мүшелерін қалыптастыру үшін конкурс жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қолма-қол немесе аудандық мәслихаттың Shardara_maslihat@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберуі қажет.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

 Қоғамдық кеңеске ұсынылатын кандидатуралар мына талаптарға сәйкес келуі тиіс.

  1. Шардара ауданының аумағында тұратын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

         Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

       1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;

      3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

         1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

       2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

       3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

         Ескерту: азаматтар мен коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске  бір ғана өкіл сайлана  алады. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды.

         Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобынанан (105 кабинет) немесе 2-19-29 телефоны арқылы аудандық мәслихат аппаратының бас маман - заңгері Дербісбеков Мейрамхан Хажымұлынан, сондай-ақ  аудандық мәслихат сайтынан ( www.Shardaramaslihat.gov.kz) алуға болады.

         Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың  28 ақпан күні 19-00 - ге дейін сағат 09:00-ден бастап, 19:00-ге дейін дүйсенбі мен жұма аралығында жүргізіледі, үзіліс 13:00-ден 15:00 дейін.

         Мекенжай: Шардара қаласы, Толе Би көшесі, №40/Б үй. Байланыс телефоны: 2-23-95. Электронды мекенжай: Shardara_maslihat@mail.ru

 

         Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

         жөніндегі жұмыс тобының басшысы