«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясы 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласына шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б.Муталиев
Шардара аудандық мәслихат депутаттарының
назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті елу екінші сессиясы 2025 жылғы 20-шы наурыз күні сағат 15:00-де Шардара қаласында шақырылатыны туралы Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Аудандық мәслихаттың депутаттары мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 20-шы наурыз күні сағ 14:30-дан бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы 2026 жылғы 19-шы наурыз күні сағ 11:00-де, Шардара қаласы, Төле би көшесі №40 «Б» ғимарат аудандық мәслихатта өтетінін хабарлаймыз. Депутаттарды тұрақты комиссия мәжілісі алдында тіркеу 19-шы наурыз күні сағат 10:30-дан бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Сессия қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
- Шардара аудандық білім бөлімі басшысының 2025 жылы бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
- Достық ауылдық округі әкіміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
- Ақшеңгелді ауылдық округі әкіміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
- Қызылқұм ауылдық округі әкіміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.
- Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі.
- 2025 жылы аудандық мәслихаттың сессияларында депутаттармен айтылғанан сын-ескертпелер мен ұсыныстардың және депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы.
- «Шардара ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы” Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-99-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 шілдедегі №44-337-ІV «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №49-284-V «Шардара ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелелер жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №19-125-V «Шардара ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б.Муталиев