Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1-1 тармағына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Б.Муталиев бекітілген кестеге орай, өзі депутат болып сайланған №3 округі бойынша 2026 жылдың 13 ақпаны күні сағат 11.00-де Жаушықұм ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратында, сағат 16.00-де Шардара қаласындағы «Майқала» мөлтек ауданындағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің үлкен залында 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебін берді. Аталған есеп беру кездесуіне Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы, Шардара аудандық полиция бөлімінің басшысы Елшібаев Нұрсұлтан Тұрашбекұлы және «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Шомпиев Бауыржан Куанышбаевич қатысып отырды. Сондай-ақ аудандағы салалық дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. Кездесу барысында аудандық мәслихат төрағасы Б.Муталиев 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, көкейтесті мәселелерді ортаға салды. Тұрғындар тарапынан берілген сұрақтарға нақты жауап беріп отырды. Қала, ауылдық округтегі жер, су, инфрақұрылым, санитарлық тазалық және азаматтардың құқықтық қорғалуы туралы мәселелері көтерілді. Алдағы атқаратын жоспарлы жұмыстарын тұрғындар назарына жеткізді. Кездесуде тұрғындар жиынға қатысушы құзырлы орган басшыларына құқықтық мәселелері аясында сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Өздерін толғандырып жүрген ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Аудандық мәслихат төрағасы Б.Муталиев кездесуді қорыта келе, мәслихат депутаттары азаматтар мен сайлаушылардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелерді назарда ұстауды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, жұмыстар атқарып, ауданымыздың әлеуметтік–экономикалық дамуына, тұрғындардың сапалы өмір сүру үлесін арттыруға ауқымды жұмыстар атқара беретінін жеткізді.
Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.