2026 жылғы 11 ақпанда Шардара қаласында аудандық партия филиалында Шардара аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті жиналысы өткізілді.
Жиналысты фракция төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жалғасбаев Талғат Серікбайұлы жүргізді. Отырысқа «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы, Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, партия фракциясының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес 2 негізгі мәселе қаралды.
🗂 Бірінші мәселе – Жаңа Конституция жобасын талқылау.
Мәселе бойынша баяндама тыңдалып, фракция мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңыздылығы атап өтіліп, оны халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша тапсырмалар жүктелді.
🗂 Екінші мәселе – 2026 жылға арналған фракция мүшелерінің жұмыс жоспары.
Фракция мүшелерінің алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттары айқындалып, жоспар жобасы жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында депутаттық қызметтің тиімділігін арттыру, сайлаушылармен кері байланысты күшейту, партиялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау бойынша ұсыныстар беріліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар белгіленді. Нәтижесінде 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып:
✔ Жаңа Конституция жобасын талқылау қорытындылары назарға алынды;
✔ 2026 жылға арналған фракция мүшелерінің жұмыс жоспары бекітілді;
✔ Ұсыныстар мен берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау қамтамасыз етілетіні белгіленді;
✔ Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау фракция төрағасына жүктелді.
🤝 Фракция мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және партиялық бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын атап өтті.