Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті.

Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті.

2026 жылдың 11 ақпаны күні «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына, 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Сегізінші шақырылмдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті. Сессия барысын аудандық мәслихат төрағасы Муталиев Бултбай Лесбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасбулатович, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асықбаев Мейрбек Асылбекович, аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шомпиев Мейрбек Бауыржанович, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Махашев Асанбай Қуанышевич және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрлыбеков Жоламан Ерсаинович қатысты. Сессияның күн тәртібінде қаралаған мәселелер:
1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі бойынша аудан әкімінің орынбасары Туребеков Бейсенбай Тасболатович депутаттарға егжей-тегжейлі ақпарат ұсынып, бюджеттік өзгерістердің маңыздылығы, олардың негіздемесі мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы түсініктеме берді. Сессия барысында депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Сонымен қатар, депутаттар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бюджетті нақтылау жұмысына белсенді түрде атсалысты. Талқылау қорытындысы бойынша, Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістер жан-жақты қаралып, қолдау тапты. Сондай-ақ Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне, Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселесі қаралып, бір ауыздан бекітілді.
Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.