Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!

Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!

Халықаралық Отбасы күні құтты болсын!
Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Себебі, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет тәрізді.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.
Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Әрбір отбасыға бақ-береке, ынтымақ, игілік тілейміз!