Құрылтай

Құрылтай

Құрылтай шақыру - қазақ қоғамында бұрыннан келе жатқан дәстүр. Құрылтайда қазақ халқының ұлт ретінде жүріп өткен тарихи жолындағы маңызды тарихи шешімдер қабылданған. Ел басшысы Қ.Ж. Тоқаев ата дәстүрді жаңғыртып, құрылтай шақырудағы мақсаты жаңа Қазақстанды құру жолындағы келелі кеңесте халық үнін тыңдау, бабаларымыздың ұлы аманаты - егемендігіміз бен бірлігімізді нығайту. 30 жылдық тәуелсіздігімізде демократиялық қоғам құру жолында талай іс атқарылды, дегенмен алдымызда бағындырар белестер жетерлік. Ортақ мақсат айқын, тек оған жеткізер жолды дұрыс таңдап, сол жолда аянбай еңбек ету қалды.