ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 22 маусым сағат 10.00-де Шарбақты ауылында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шарбақты аудандық мәслихатының VІІІ сайланған кезектен тыс LXIII сессиясы шақырылады.
Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:
- «Шарбақты ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 69/21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 173/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы «Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы» № 238/71 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 154/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы
«2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» № 155/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық
мәслихат төрағасы Г. Смаилханова
Аудандық мәслихаттың LXIII сессиясының тікелей эфирін сайттан көріңіздер https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sharbakty?lang=ru, бейне youtube платформада