
Бүгін VIII сайланған Шарбақты аудандық мәслихатының 60 кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.
Сессияда мәселелер қаралды:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 154/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің бюджеті туралы» № 155/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3.Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 72/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4.«Шарбақты ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 69/21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.