
Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезекті LIV сессиясы өтті.
Сессияда мәселелер қаралды:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.
2. Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
3. Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
4. Шарбақты ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы.
5. Шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық округтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
6. Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 61/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 208/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылгы 16 наурыздағы № 88/24 «Шарбақты ауданының терроризмге қарсы комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.