ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 10.00-де Шарбақты ауылында аудандық мәслихат ғимаратында VIII шақырылған Шарбақты аудандық мәслихатының кезектi LIV сессиясы шақырылады.
Сессияда келесі мәселелер талқылауға ұсынылады:
- Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі.
2.Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
3.Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Шығып қалғандардың орнына Шарбақты аудандық округтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 61/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 208/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық
мәслихат төрағасы Г. Смаилханова
Аудандық мәслихаттың LIV сессиясының тікелей эфирін сайттан көріңіздер https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sharbakty?lang=ru, бейне youtubeплатформада