
Аудандық мәслихаттың,
аудандық әкімдіктің сайттарына
ақпарат
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Б. Қ. Қалыбаеваның төрағалығымен 4-тоқсандық ауданның қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс жұмысына «Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы Марат Камалұлы Айткенов, «Шарбақты ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік - құқықтық бөлімінің басшысы Қанат Жұмабайұлы Исанов қатысты.
Отырыста 4 мәселе қаралды:
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының барысы және Шарбақты ауданындағы көше жарығының жай - күйі туралы «Шарбақты ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ басшысының м.а. Мария Григорьевна Певень есеп берді.
Шарбақты ауданының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын сақтау жөніндегі жұмыс туралы Шарбақты ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Бақытбек Жамихат сөз сөйледі.
2025 жылдың 9 айында аудандық бюджетті игеру бойынша жұмыс және жыл қорытындысы бойынша болжамдар туралы «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» ММ басшысы Анар Мұсақызы Асаинова ақпараттандырды.
2025 жылғы 9 айдағы Шарбақты ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы «Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Бақытжан Юрсунханқызы Татваева ақпараттандырды.
Күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша «Шарбақты ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ басшысының м.а. М. Г. Певенге көптеген сұрақтар қойылды, атап айтқанда, қазандықтарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша бұл жұмысты бақылауға алу ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның ҚК мүшелері ауданның оқу орындарында температуралық режимді сақтау мәселесі бойынша ауданның білім бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істеуді ұсынды. Ауданда жарықтандыру бойынша бірқатар сұрақтар қойылды, әлеуметтік нысандардағы, әсіресе оқу орындарындағы шамдардың жұмысын қатаң бақылауда ұстау ұсынылды.
Ветстанция басшысы Бақытбек Жамихаттың есебіне сәйкес, ҚК мүшелері аудан тұрғындары үшін өте өзекті мәселе- ветеринарлық клиника ашу. Себебі, үй жануарларының, асыл тұқымды иттердің, мысықтардың денсаулығына байланысты проблемалар туындаған кезде емделуге, қалалық ветеринарлық клиникаларға баруға тура келеді.
Бұл сұраққа Б. Жамихат толық жауап берді. Келесі жылы ветстанция ғимараты жөнделгеннен кейін клиника ашу мүмкіндігі қарастырылады.
ҚК мүшелері аудандағы құстардың аурулары туралы да түсініктеме алды. Төрт құс ауруы бойынша сынақтар алынды, нәтижелері теріс болды.
«2025 жылдың 9 айындағы аудандық бюджетті игеру жөніндегі жұмыс және жыл қорытындысы бойынша болжамдар» күн тәртібінің 3-мәселесі бойынша ҚК мүшелерін шығыстар ғана емес, аудандық бюджеттің кірістері, жыл қорытындысы бойынша болжамды ахуал мәселелері де қызықтырды. Бюджетті орындау бойынша тәуекелдер жоқ деген қорытындыға келдік.
«2025 жылдың 9 айында Шарбақты ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы» отырыс күн тәртібінің 4-ші мәселесі бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасын орындау бойынша көптеген сұрақтар түсті. Атап айтқанда, ҚК мүшелерін жас мамандарды әлеуметтік қолдау мөлшері қызықтырды: көтерме жәрдемақы мөлшері, бюджеттік несие, сондай-ақ болашақта бұл бағдарлама қалай жұмыс істейді.
Отырыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен белсенді қаралды, күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша ұсыныстар берілді.
Ауданның қоғамдық кеңесінің хатшысы К.Кокина.