Бүгін VIII сайланған Шарбақты аудандық мәслихатының XLV кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.
2025 жылғы 25 шілде сағат 10.00 Шарбақты ауылында VІІІ сайланған кезектен тыс XLV сессиясы шақырылады.
Сессияда келесі мәселелерді талқылау ұсынылады.
✓ 1. «Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 сәуірдегі «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» № 208/58 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
✓2. Шарбақты аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» № 70/21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
✓3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы аудандық Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №86/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Барлық мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.