
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні жергілікті уақыт 10.00 де, тұрақты комиссияларының біріккен отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №551 «2026-2028 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.Қанатбаева – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: Ж.Мырзабек – «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің секторы меңгеруші басшысы.
3) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 сәуірдегі №607 «Чернобыль атом станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 – жылдығына орай Шалқар ауданы бойынша мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Хабарламашы: Ж.Мырзабек – «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.
4) Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы.
Хабарламашы: М.Симбетов - «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.