ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні жергілікті уақыт 14:00 де, тұрақты комиссияларының біріккен отырысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:         

1) Шалқар  аудандық  мәслихатының  2023  жылғы  17 қаңтардағы №376 «Шалқар аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.

2) Шалқар  аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №165 «Шалқар ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

3) Шалқар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 14 мамырдағы №641 «Шалқар ауданы әкімі жанындағы  кәмелетке толмағандардың  істері және олардың құқықтарын  қорғау жөніндегі комиссияның дербес  құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  4) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №551 «2026-2028 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.