ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ақшолақов Қайрат Серікбайұлы қатысты.
Сессия отырысында күн тәртібіне сәйкес:
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №366 «2025-2027 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.  
         Хабарламашы: А.Қорқытұлы – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің басшысы.
         2) Шалқар ауданнының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақының мөлшерін белгілеу туралы.  
         Хабарламашы: А.Қорқытұлы – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің басшысы.
         3) Шалқар  аудандық  мәслихатының 2023  жылғы 17  қаңтардағы              № 366 «Шалқар ауданы әкімі жанындағы  әйелдер істері  және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Хабарламашы: С.Джуманов- Шалқар ауданы әкімінің орынбасары