
2025 жылғы 17 сәуірде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясы өтті.
СессиядадепутаттарСолтүстікҚазақстаноблысыШалақынауданыныңәлеуметтіккөмек көрсету, оныңмөлшерінбелгілеужәнемұқтажазаматтарыныңжекелегенсанаттарының тізбесін айқындау қағидаларынаұсынылғанөзгерістердібекітті. Жұмыспен қамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімініңбасшысы Л.М. Садвокасова атап өткендей,бұлжобада алушылардың жекелегенсанаттарыүшінмерекекүндеріменатаулы күндерге арналған әлеуметтіккөмектіңбірыңғаймөлшерітуралықосымшағаөзгерістеренгізілді және «Қазақстан Республикасындағы мерекелертуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкесмерекекүндерініңтізімінеөзгерістеренгізілді.
Сондай-ақ, депутаттар «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Сергеевка қаласы мен ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімге ұсынылған өзгерістерді бекітті. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 қаулысы және «Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 шешімі негізінде «Юбилейный ауылдық округі» бөлімінде Тельманов ауылы, Құртай ауылы алып тасталды.
Одан әрі сессияда «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешімге өзгерістер енгізіліп, Шал ақын ауданы әкімдігінің дербес құрамы келісілді.